Чилиде тауық еті күрт қымбаттады
«Рейтердің» хабарлауынша, баға 40%-ке дейін көтерілген.
Қымбатшылыққа көршілес Бразилияда құс тұмауының таралуы себеп. Осыған байланысты Чили билігі тауық етінің импортын шектеді. Бұл елдегі құс етінің 72%-і Бразилиядан әкелінетін. 25%-і АҚШ-қа тиесілі. Бразилия 60 күндік карантин жариялады.