G7 Ресейге жаңа санкция саламыз деп мәлімдеді
«Үлкен жетілік» елдері Ресейге жаңа санкция саламыз деп сес көрсетті. Оны болдырмас үшін Кремль Украинаға қарсы оқ атуды тоқтатуы керек.
Бұл талап туралы Канадада үш күнге жалғасқан G7 Қаржы министрлерінің саммит қорытындысында айтылған. Яғни олар Ресей мұнайы баррелінің бағасын 60 доллардан да төмендетуі мүмкін. Бұдан бөлек, Ресейдің бұғатталған активтері ұрыс қимылдарын толық тоқтатпайынша босатылмайды. Канада биыл «Үлкен жетілік» тобында жетекші. G7 құрамында АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия мен Жапония бар. Бұл қатардан Ресей 2014 жылы шығып қалған.