Мадридте такси жүргізушілері наразылық акциясына шықты
Мадридте жүздеген такси жүргізушілері шаһардың басты көшесін жауып тастап, наразылық танытты, деп хабарлайды 24kz.
Олар онлайн қызмет ұсынатын Uber, Cabify секілді компанияларға арнайы лицензия беруге шектеу енгізуді талап етті.
«Өйткені цифрлық платформалар әділетсіз бәсекеге жол беріп, бағаны негізсіз көтеріп тұрады», - дейді. Жуырда Cabify компаниясы Мадридте жүруге рұқсат ететін 8500 лицензия алды. Бұл такси жүргізушілерінің наразылығын үдете түсті.
Анхель Эспаньол, такси жүргізушісі:
- Онлайн қызмет ұсынатын компаниялар қалада ауқымды іс-шара өтсе немесе жаңбыр жауып, қоғамдық көлікпен қатынауға ауа райы қолайсыз болса, бағаны 2-3 есе көтереді. Біз нарықтан кетсек, халыққа бірден кері әсері тиеді.