ХАМАС Газада оқ атпау туралы АҚШ ұсынысына жауап берді
ХАМАС Газа секторында уақытша оқ атпау туралы АҚШ ұсысына жауап берді, деп хабарлайды 24kz.
BBC телеарнасының хабарлауынша, палестиналық ұйым мыңнан астам отандасын босатқан жағдайда 10 Израиль тұтқыны мен 18 құрбанның мәйітін беруге дайын. Бірақ бұл шарттар орындалу үшін Израиль әскері анклав аумағынан толық шығарылып, оқ ату біржола тоқтап, гуманитарлық көмекке ешқашан ешқандай кедергі жасалмауға тиіс. ХАМАС-тың үзілді-кесілді талабы осындай. Алайда АҚШ өкілі Стив Уиткофф: «Бұларды орындау мүмкін емес», - дейді. Израиль үкіметі де ХАМАС-тың талаптарын қабылдамаған.