Әлемдегі қарулы қақтығыстар саны рекордтық деңгейге жетті

Сорақысы сол, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдегі қарулы қақтығыстар саны рекордтық деңгейге жетті. Норвегия институтының соңғы зерттеуінде осылай делінген, деп хабарлайды 24kz.

Ғалымдардың айтуынша, былтыр 36 елде 61 мемлекетаралық текетірес тіркелді. Солардың бірі – жаһан жұртының назарын аударған Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс. Зерттеу авторлары келтірген мәлімет бойыншаонда мыңдаған адам қаза тапқан. Израильдің Газа секторындағы әскери операциясы да ушығып тұр.

Израиль Газа секторында әскери операцияны 2023 жылы қазанда бастады. Содан бері 55 мыңнан аса адам қаза тапты. Бұл Газа халқының 2,6%-і. Ең сорақысы, еврей армиясының шабуылынан көз жұмғандардың үштен бірі бала. Қаралы тізімде 200-ден аса сәби бар. Ал, жарақат алғандар 127 мыңнан асады. Тағы 11 мыңға жуық адам ұшты-күйлі жоғалғандардың тізімінде. Израиль әскерінің қоршауында қалған 2 миллионнан аса тұрғын босып кетті.