Израиль Иранның әскери қолбасшысын мерт қылды

Израиль Иранның әскери қолбасшысы, Бас штаб басшысы Әли Шадманиді мерт қылды.

Еврей Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша ол дәл осы қызметке небәрі 4 күн бұрын келген. Ол Израильдің алғашқы соққысы кезінде қаза болған бұрынғы басшысы Алам Әли Рашидтің орнына тағайындалған еді. Кейбір деректерге қарағанда, Әли Шадмани Ислам революциясының көсемі Аятолла Әли-Хаменеидің ең сенімді адамдарының бірі болған.

Израэль Кац, Израиль қорғаныс министрі:

- Саддам Хуссейннің тағдырын бәріміз білеміз ғой. Ислам Республикасының диктаторы Әли-Хаменеи соның сценарийін қайталағысы келмесе, Израиль аумағына зымыран ұшыруды доғаруға тиіс. Мен Тегеран тұрғындарын қауіпті аймақтардан қашуға шақырамын. Өмірлеріңізді қатерге тікпеңіздер. Диктаторға жеке билігін сақтап қалу үшін өздеріңізді пайдалануға жол бермеңіздер.