АҚШ британиялық көліктерге баж салығын азайтты
АҚШ британиялық көліктерге баж салығын азайтты. Тиісті жарлыққа президент Дональд Трамп қол қойды.
Келісімге сай тариф көлемі 25%-тен 10%-ке дейін қысқарады. Америка 100 мың көлікке дейін кіргізуге рұқсат етті. Есесіне Лондон 19%-тік тариф күшін жойып, АҚШ-тан 1,5 млрд этанол импорттауға келісті. Десе де Ақ үй басшысы: «Ұлибританияның болат пен алюминийіне қатысты мәселені кейінірек шешеміз», – деп баж салығын 25% көлемінде қалдырды.