Францияда үрлемелі қайыққа мінген мигранттар ұсталды
Франция полициясы өмірін қауіпке тігіп, үрлемелі қайыққа мінген мигранттардың бір тобын ұстады.
Туған жерін тастап, елден бас сауғалаған босқындар Ла Манш бұғазы арқылы Ұлыбританияға өтпек болған. Францияның Ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша, биыл мигранттар саны 42 пайызға көбейді. Париж бен Лондон босқындар легін азайту үшін жағалаудан 300 метрге дейінгі аймақта бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Алайда полиция өкілдері мұндай жоспарды іске асыруға қосымша техника мен адам күші қажет деп санайды.