Шетелдік БАҚ: АҚШ Иранға ең қуатты бомба тастады
АҚШ Иранға жасалған соққылар кезінде әлемдегі ең қуатты бомбалардың бірі GBU-57 қолданған болуы мүмкін.
Бұл туралы Fox News телеарнасы хабарлады. Бомбаның салмағы 13 тоннадан асады, ұзындығы 6 метр және диаметрі шамамен 80 сантиметр. 2,5 тонна жарылғыш заттан тұрады. Сондай-ақ 60 метр тереңдіктегі жерасты нысандарын тесіп өте алады. Бомба 2000 жылдардың басында арнайы қорғалған нысандарды, соның ішінде ядролық кешендерді жою үшін жасалған.
Салмағы — 13,5 тонна
Ұзындығы — 6 метр
Диаметрі — 80 см
2,5 тонна жарылғыш заттан тұрады
60 метр тереңдікке жетеді