Эверест шыңы дрон арқылы қоқыстан тазартылды
Әйгілі Эверест тауының шыңын қоқыстан тазалау үшін дрон қолданыла бастады, деп хабарлайды 24kz.
Альпинисттік құрал-жабдықтарды жоғарыға жеткізетін ұшу аппараты қалдықтарды төменге тасиды. Адам 7-9 сағат жүріп баратын жерге дрондар небәрі 3 минутта жетеді. Кейінгі деректер бойынша биіктігі 8850 метрден асатын Эверест шыңында 50 мың тонна қоқыс шашылып жатыр. Непалдық компания жергілікті билікпен бірлесе жұмыс істеп, соңғы 2 айда тау басынан 1 тонна қалдық түсірген.
Ринджи Шерпа, альпинист:
- Эверест шыңына жасалған алғашқы экспедициядан бері 75 жыл өтті. Әрине, қоқыс лақтырды деп ешкімді кінәлауға болмайды. Бірақ онда қазір қалдықтар мәселесі өте өткір. Жыртылған шатырлар, тамақ қалдықтары, бос оттегі баллондары – барлығы жиналып, қазір Эверест шыңын әлемдегі ең биік қоқыс полигонына айналдырды. Енді дрондар өміріне қауіп төнген адамдарды құтқаруға ғана емес, таудың экологиясын сақтауға да көмектеседі.