Газа секторында Израиль шабуылынан 22 палестиналық қаза тапты

Израиль Газа секторында тұрғындар жиі бас сұғатын тамақтану орнын әуеден атқылап, 20-дан астам палестиналық қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.

Құрбандардың көбі – ана мен бала. Тағы ондаған тұрғын зардап шеккен. BBC телеарнасы осылай деп хабарлады. Олардың айтуынша, құтқарушылар қираған үйінділердің астын аршып, аман қалғандарды іздестіріп жатыр. Құрбандар саны әлде де өсуі мүмкін. Телеарна келтірген мәліметке қарағанда, бұл жерге әдетте қашықтан жұмыс істейтін журналистер мен қоғам белсенділері жиі барады. Әзірге Израиль қорғаныс күштері шабуылға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.