Газада Израиль шабуылынан 118 адам қаза тапты
Газа секторында Израиль шабуылынан бір күнде 118 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.
Тағы 580-нен астамы жараланған. Бұл туралы анклавтың Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған «Әл-Жазира» телеарнасы хабарлады. Сектордың оңтүстігіндегі «Әл-Маваси» шатырлар лагері мен Газа қаласындағы «Мұстафа Хафиз» мектебіне шабуыл жасалды. Бұл ғимараттарда босқындар тұрып жатқан. Израиль жаңа әскери операцияны 18 наурызда бастаған болатын.