Парижде Сена өзеніне шомылуға рұқсат етілді
Париж билігі кейінгі 100 жылда алғаш рет Сена өзеніне шомылуға рұқсат етті, деп хабарлайды 24kz.
Дарияны тазалау жұмыстары былтыр Жазғы Олимиада ойындары кезінде басталған еді. 5 шілдеден бастап тегін жағажайлар мен 3 арнайы жасақталған аумақта суға түсуге болады. Бұлар – Брасс-Мари теңіз базасы, сондай-ақ қаланың ежелгі бөлігіндегі Гренель мен Берси аудандары. Судың сапасы күн сайын тексеріледі. Тек жауын-шашын кезінде жағажайлар жабылады.
Марк Пейньон, Париж тұрғыны:
- Суды тазарды деп ойлаймын. Яғни, өзенде алаңсыз шомыла беруге болады. Тіпті Олимпиада кезінде кәсіби жүгзгіштер малтып көрген болатын. Олардың ешбірі ауырмаған.