Тайваньда дауылдан 580 мың үй жарықсыз қалды
Тайваньның батысында «Данас» деп аталатын алапат дауыл соғып, 2 адам опат болды, деп хабарлайды 24kz.
Тағы 300-ден аса тұрғын жараланды. Сағатына 145 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған дүлей жел ағаштарды құлатып, үйлердің шатырларын ұшырып әкетті. Елді мекендерде электр желілері үзілді. Салдарынан 580 мың отбасы жарықсыз қалды. Қолайсыз ауа райына байланысты аралдың оңтүстігі мен орталығында мектептер мен кеңселер жабылды. Таулы аймақтан 3 мың 400 адам көшірілді. Қазір шығыстан солтүстікке қарай ойысқан дауылдың екпіні бәсеңдеген.