Грекияда жұмыс уақыты қысқарады

Грекияда аптап ыстыққа байланысты жұмыс уақыты қысқарады.

Өйткені кей өңірлерде сынап бағанасы 40 градусқа жеткен. Еңбек департаменті күн астында ауыр жұмыс істейтін адамдар мен тапсырыс жеткізушілеріне таңғы 09:00-дан түскі сағат 14:00-ге дейін жұмысқа келмеуіне рұқсат берді. Сондай-ақ жұмыс берушілерге жұмысты онлайнға көшіру  тапсырмасы жүктелді. Өйткені метеорологтар апта соңына қарай ауа температурасы 40 градустан жоғарылайды деп болжап отыр.