Испанияда орман отқа оранды
Испанияның Каталония аймағында орман отқа оранды, деп хабарлайды 24kz.
Осы сәтке дейін 150 гектардан астам жасыл желек жанып кеткен. Күшті жел мен қураған шөп өрт сөндірушілердің жұмысына кедергі келтіріп жатыр. Тілсіз жаумен күреске 75 бригада мен арнайы техника тартылды.