Шетелдіктердің АҚШ университеттеріне оқуға қабылдануы қиындады

Американдық университеттер 1 миллиард доллар кірісінен айырылуы мүмкін.

Өйткені шетелдік студенттердің саны қысқарғалы жатыр. Бұл туралы Financial Times хабарлады. Басылымның жазуынша, АҚШ-тағы жоғары оқу орындарының шамамен 75 пайызы биыл шетелден өтінім берушілер күрт азаяды деп қауіптенеді. Трамп әкімшілігі іске кіріскелі түлектердің әлеуметтік желідегі парақшаларын тексеру енгізілді. Виза рәсімдеу мерзімі ұзартылып, өтінімдер бұрынғыдай жылдам қарастырылмайтын болды. Мұндай қысым әсіресе Қытай, Үндістан және Нигериядан тапсырған студенттерге көбейген.