Нью-Мексико штатында ТЖ жарияланды
АҚШ-тың Нью-Мексико штатында тасқын мен лай көшкініне байланысты төтенше жағдай жарияланды.
Бәрінен де Санта-Фе қаласында ахуал қиын. Бұл жақта 3 адам із-түссіз жоғалып кетті. Құрбандар туралы ақпарат жоқ. Қаладағы Рио-Руидосо өзенінің деңгейі 6 метрге дейін көтерілді. Ондаған үй, бірнеше көпір және көп автокөлік су астында қалған. Қираған үйлерде газдың таралғаны айтылады. Билік тұрғындарды қауіпсіз жаққа көшіріп жатыр. Қазір бұл аймақта жауын-шашын маусымы, ол қыркүйекке дейін жалғасады.