Нью-Мексико штатында тасқыннан үш адам қаза тапты

АҚШ-тың Нью-Мексико штатында тасқыннан 3 адам қаза тапты. , деп хабарлайды 24kz.

Олардың екеуі бала. Аймақта тұрғындар үйлері мен көліктерінен шыға алмай, қамалып қалған. Су шайып кеткендері қаншама. Ал Техас штатында табиғи апаттан құрбан болғандар саны 120 адамға жетті. Тағы 170 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы ел билігіне сілтеме жасаған The New York Times басылымы хабарлады.