ХАМАС гуманитарлық қорды жабуды талап етті
ХАМАС Газадағы Израиль мен АҚШ бірлесіп құрған гуманитарлық көмек қорын жабуды талап етті. Өйткені бұл нысан 800-ден астам палестиналықтың қазасына себеп болған. Тағы 5 мыңға жуық бейбіт тұрғын жараланды.
ХАМАС Израиль әскері көмек алу үшін жиналған топты қасақана атады деп айыптайды. Осы қор ашылған басқа елдер мен халықаралық ұйымдардан гуманитарлық көмек жетпейтін болған. Осының кесірінен анклав халқы жаппай аштыққа ұшырап жатыр. ХАМАС-тан бөлек 170 коммерциялық ұйым аталған қорды жоюға шақырды.