Иран МАГАТЭ-мен ынтымақтастыққа дайын

Бірақ қарым-қатынас жаңа форматта болуы тиіс.

Бұл туралы парсы елінің сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мәлімдеді. Оның айтуынша, бұдан былай агенттікпен әріптестік пен ядролық нысандарды бақылау Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің жеке құзыретіне беріледі. Сондай-ақ дипломат Тегеран Израиль мен АҚШ тарапынан шабуыл жасамауға нақты кепілдік берілсе, Вашингтонмен келіссөзді бастауға әзір екенін атап өтті. Әзірге Ақ үй ресми жауап берген жоқ. Израиль мен АҚШ-тың маусымдағы шабуылдарынан кейін Ислам республикасының президенті МАГАТЭ-мен байланысты үзген еді.