Қытайда әлемдегі ең қуатты жел генераторы салынды

Қытайда әлемдегі ең қуатты қалқымалы жел генераторы бой көтерді.

Қуаты 17 МВт болатын қондырғы жылына 68 миллион киловатт таза электр энергиясын өндіре алады. Бұл шамамен 40 000 үйді электр энергиясымен қамтамасыз етуге жеткілікті. Турбинаның биіктігі 24 метрден асатын толқындар мен 17 балдық тайфундар сияқты экстремалды теңіз жағдайларына төтеп бере алады. Жел энергетикасы жөніндегі жаһандық кеңестің деректеріне сүйенсек, былтыр жел электр станцияларының әлемдік белгіленген қуаты 278 мегаваттқа жетеді деген болжам жасалған. Оның көп бөлігін Норвегия, Ұлыбритания, Қытай және Франция өндіреді.