Еуропалық шаруалар бас көтерді
Брюссельде жүздеген еуропалық шаруа бас көтерді. Олар ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін қаржы көлемін арттыруды талап еткен.
Наразы топ қолдарына плакаттар ұстап, ұран салып, Еуропалық комиссияның штаб-пәтерінің алдына жиналды. Еуропалық одақ басшылары жақында бюджеттің жаңа жобасын ұсынған. Құжат салаға арналған 300 млрд еуро көмекті қысқартуды көздейді. Бірақ шаруалар мұнымен келіспейді. Олар кірісіміз азайып, түбі үлкен дағдарысқа ұшыраймыз деп қорқады. Жаңа бюджет жобасын ЕуроОдаққа мүше елдердің үкіметтері мен Еуропарламент алдағы 2 жыл ішінде талқылауы қажет.