Сирияның Эс-Сувейда қаласында атыс тоқтады
Сирияның Эс-Сувейда қаласында атыс толық тоқтады.
Өтпелі үкіметтің қарулы күштері мен друздер арасындағы қақтығыс 13 шілдеде басталған. Кейін екі күн өткен соң Сирия әскері қалада тазалау операциясына кірісті. Сөйтіп, жанжалға Израиль араласты. Олар друздерді қорғап, Сирияның қорғаныс техникасына шабуыл жасады. Эс-Сувейдадағы атыстан 940 адам қаза тапты. Елдің Ішкі істер министрлігі келтірген мәліметке қарағанда, қазір аймақта заңсыз қарулы құрылымдар жоқ. Друздер – араб тілінде сөйлейтін этноконфессиялық топ. Халықтың бұл тобы Сирия, Ливан, Израиль және Иорданияда қоныстанған. Сирияның өзінде 700 мың друз тұрады. Бұл елдегі күрдтер мен алавиттерден кейінгі ең ірі діни-этникалық азшылық тобы.