Қытайда дауылға қарсы шаралар күшейтілді

Қытайдың Гонконг қаласында Вифа дауылының екпіні бәсеңдеді.

Ресми күн райын бақылайтын Гонконг обсерваториясы қауіп деңгейі туралы ескертуді төмендетті. Соңғы рет Гонконгта тайфунның ең қауіпті деңгейі 2 жыл бұрын тіркелген еді. Енді дүлей дауыл басқа аймақтарды шарпуы мүмкін. Елдің оңтүстігіндегі жағалау маңында орналасқан аудандарда алапат дауылға байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қазір тұрғындарды эвакуациялау жүріп жатыр. Хэнциньде уақытша 257 паналау орны ашылып, оған 64 мыңнан астам көшірілді.