Қытай ең ауқымды ГЭС құрылысын бастады
Қытай әлемдегі ең ауқымды гидроэнергетикалық станцияның құрылысын бастады.
Жаңа нысан Тибетте бой көтереді. Бұл туралы осы елдің мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цян мәлімдеді. Оның айтуынша, жоба аясында бес сатылы электр кешені салынады. Жалпы қуаты – 60 млн киловатт. Ал жылдық электр өндіру көлемі шамамен 300 млрд киловатт сағатқа тең. Бұл энергия ішкі сұранысты қамтамасыз етуге де, экспортқа шығаруға да жеткілікті. Салыстырып айтқанда, көрсеткіш әлемдегі ең ірі Хубэй провинциясындағы «Санься» гидро-электр станциясының қуатынан үш есе жоғары.