Йеменнен Израильге зымыран ұшырылды

Израиль әскері Йеменнен ұшырылған зымыранды атып түсірді. Бұл туралы ЦАХАЛ өкілдері мәлімдеді.

Осыдан бірер сағат бұрын Израиль күштері Ходейда портындағы хуситтер нысанына соққы жасаған болатын. Шабуыл салдарынан көліктерге, жанармай контейнерлері мен айлақтағы кемелерге зақым келген. Израиль әскерінің мәліметіне қарағанда бұл операция Ираннан қару-жарақ тасымалдайтын стратегиялық маңызы бар нысанды қалпына келтіру әрекеттерін алдын алуға бағытталған. Өйткені Израиль қару-жарақтың дені еврей әскеріне және Қызыл теңіздегі кемелерге шабуыл жасау үшін қолданылады деп есептейді.