Қытайда көшкіннен екі адам қаза тапты
Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясында нөсердің соңы көшкінге ұласып, екі адам қаза тапты. Тағы 10 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен.
Табиғи апаттан шамамен 20 үй қираған. Бес сағат ішінде өңірге жартыжылдық жауын-шашын мөлшері түскен. Оқиға орнына іздестіру-құтқару және медициналық топтар жұмылдырылды. Жергілікті билік тұрғындарды қауіпсіз аймақтарға көшіріп, үйінділерді тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.