Газа секторында бір тәулікте 63 адам ажал құшты
Газа секторында бір тәулікте 63 адам қаза тапты. Олардың алтауы бала.
Израиль әскерінің шабуылы оңтүстік пен солтүстік аудандарды қамтыды. Ондаған тұрғын үй қирап, босқындар лагерлері бүлінді. Израиль мамырдан бері ХАМАС-ты жою және тұтқындарды босату мақсатында «Гидеон арбалары» операциясын жүргізіп жатыр. Шабуыл гуманитарлық көмек тарату бекеттеріне жақын маңда болған. БҰҰ дерегі бойынша, мұндай орындарда азық-түлік пен өзге де қажетті тауар алуға келген 1 100-ге жуық адам қаза тапқан.