Пәкістанда селден 20 адам қаза тапты
Пәкістанда кейінгі тәулікте болған су тасқынынан 20 адам опат болды.
Құрбандардың төртеуі турист. Тағы 15 адам ұшты-күйлі жоғалып кетті. Елдің солтүстік-батыс өңірі қатты зиян шекті. Жүздеген үй мен көпір бүлінді. Жергілікті билік тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіріп, оларды азық-түлік және қажетті заттармен қамтамасыз етіп жатыр.