Румынияда аптаптан төтенше жағдай жарияланды

Бухарестте сынап бағанасы 40 градустан түспей тұр.

Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Қалада санитарлық тексерістер көбейді. Осыған байланысты қоғамдық тамақтану орындары мен жазғы лагерьлерде санитарлық тексерістер күшейтілді. Бұған қоса, су тарату және көмек көрсету бекеттері ашылды. Құтқару қызметтері жоғары дайындық режимінде жұмыс істейді. Сарапшылар биылғы жаз былтырғыдан да қиындау болуы мүмкін дейді.