Трамп ауған босқындарын қабылдауды тоқтатты
Трамп әкімшілігі ауған босқындарын Америкаға көшіру бағдарламаларын біржолата тоқтатты. Бұл туралы Washington Post басылымы хабарлады. Олар келтірген мәліметке қарағанда, АҚШ Мемлекеттік департаментінде ауған азаматтарына көшуге жан-жақты көмек көрсететін арнайы бөлім жабылды.
Шешім 250 мыңнан астам ауған азаматына Америкаға көшуге тыйым салады. АҚШ-тан баспана күтіп отырған жүздеген мың ауған азаматы Отанына жер аударылуы мүмкін. Өткен айда Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге толық тыйым салатын жарлыққа қол қойды. Бұл тізімде Ауғанстан да бар. Қазір тағы 36 елді қосуды қарастырып жатыр.