Түркияда орман өртінен 11 адам қаза тапты
Түркияның Ескишехир аймағындағы орман өрті 11 адамның өмірін қиды.
Тағы бірнеше кісі жарақат алды. Алапат өртпен күресіп жатқан орман қызметкерлері мен құтқарушылар қызыл жалынның ортасында қалып қойған. Өрт кезінде ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріліп, жел тұрған. Елде маусым айынан бері 1500-ден астам өрт тіркелген. Оның 600-ден астамы орман алқаптарында болды. Қазір Түркияның жеті аймағында орман өрттерімен күрес жалғасып жатыр.
Ибрахим Юмаклы, Түркия ауыл шаруашылығы және орман министрі:
- Ескишехирде басталып, Афионкарахисарға дейін жалғасқан орман өртінде 19 орман қызметкері мен 5 құтқарушы от ішінде қалып қойды. 11 кісі қаза тапты. Қалған 14 адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Қайтыс болғандардың жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Алда күн қатты ысып, жағдай қиындай түсуі мүмкін. Сондықтан азаматтарды барынша абай болуға шақырамын.