Газада бір тәулікте 113 адам қаза тапты

Газа секторында Израиль әскерінің шабуылдарынан тағы 113 палестиналық қаза тапты. 650 адам жарақат алды. Өңірдің оңтүстік пен орталық аймақтары зеңбірекпен атқыланды. Гуманитарлық көмек тарату пунктері маңында да шабуылдар тіркелді.

Салдарынан азық-түлік алуға келген 34 бейбіт тұрғын мерт болды. Айта кетейік, Газа секторында  2023 жылдың қазанынан жалғасып келе жатқан қақтығыстан бүгінге дейін 59 мыңнан аса палестиналық қаза тапты. Тағы 143 мыңнан аса тұрғын жарақат алған. Қазір еврей елі аймақта «Гидеон арбалары» операциясын жүргізіп жатыр. Оның мақсаты ХАМАС ұйымын жойып, тұтқындарды босату.