Кипрде орман өртінен 2 адам опат болды

Кипрдің оңтүстігінде орман өрттеніп екі адам опат болды.

Тағы 23 тұрғын жарақат алды. Олардың екеуінің жағдайы ауыр. Қызыл жалын жүзден астам тұрғын үйді күлге айналдырып, он екі елді мекеннің халқы қауіпсіз аймаққа көшірілді. Құтқару жұмыстарына ондаған өрт сөндіруші мен он шақты тікұшақ тартылған. 

Сондай-ақ, апат аймағына Иордания, Мысыр және Испаниядан арнайы мамандар жұмылдырылды. Қазір елде күн 44 градусқа дейін ысыды, ал желдің күшеюі жағдайды одан әрі қиындатып отыр.