Таиланд пен Камбоджаға байланысты БҰҰ шұғыл отырыс өткізеді
Таиланд пен Камбоджа арасындағы ахуалға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шұғыл отырыс өткізеді. Бұл туралф Рейтер агенттігі хабарлады.
Кеше екі ел шекарасында қақтығыс болды. Камбоджа көрші мемлекеттің аумағын зеңбіректермен атқылап, Таиланд әуеден соққы жасады. Қақтығыстан қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Ондаған мың тұрғын эвакуацияланды. БҰҰ Бас хатшысы қос тарапты мәселені келіссөз арқылы шешуге шақырды. Екі мемлекет арасындағы жағдайдың шиеленісуіне шекаралық дау себеп.