Таиланд пен Камбоджа қақтығысты уақытша тоқтатты
Таиланд пен Камбоджа шекарадағы атысты уақытша доғарды. Бұған аймақтағы нөсер жауын себеп болды. Жауын-шашынға қарамастан, қос елдің әскери күштері шептерін тастамай отыр.
Синоптиктер жауынның тағы бір аптаға созылатынын болжауда. Қауіпсіздік мақсатында Таиланд билігі 97 мыңнан астам адамды қауіпсіз жерге көшірді. Ал Камбоджа болса шамамен 36 мыңға жуық бейбіт тұрғынды эвакуациялаған. Айта кетейік, Дональд Трамп қос тарапты атысты тоқтатуға шақырған. Ол аталған екі елмен сауда келіссөздері жүріп жатқанын. Алайда шиеленіс тоқтамаса, ешқандай келісім болмайтынын ескертті.