Францияда қазақ қызының көрмесі өтіп жатыр

Сынық шынының сиқыры. Еуропа қазақ ертегісінің кейіпкерлеріне қайран қалып жатыр. Оларға қазақ ауыз әдебиетінің құдіретін мозайка арқылы жеткізген суретші — Аяла Ибрагимова. 

Аяла қазіргі уақытта Италияның Спилимберго қаласында тұрады, шығармашылықпен айналысады. Бұл шағын қала мозаика шеберлері арқылы әлемге танымал. Франциядағы алғашқы жобасында суретші қазақ халқының ертегі-аңыздарын заманауи көркемдік тәсілмен жеткізеді. Экспозицияда қазақ мифологиясындағы кейіпкерлер бейнеленіп, ұлттық ою-өрнек элементтері қамтылған. Автор өз шығармашылығы арқылы халқымыздың бай фольклоры мен мәдени мұрасын насихаттауды мақсат етеді. Көрме төрт айға созылады.

Жан-Мари Бюртон, ұйымдастырушы:

- Аяла туған жерінің мәдениетін көрерменге шебер жеткізе білді. Оның жұмыстарын көруге арнайы келгендер де, кездейсоқ кіргендер де қызығушылық танытып жытыр. Көрме залы туристер көп жүретін жерде орналасқан. Сондықтан қала тұрғындары да, қонақтар да жиі бас сұғады.