АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкция салуы мүмкін
Мәскеу белгіленген уақытта Киевпен бітімге келмесе, АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкция салады.
Мұны Президент Дональд Трамп Newsmax телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Ақ үй басшысы: «Кремль санкциялардан айналып өтудің амалын жақсы біледі. Бірақ енді бұған жол берілмейді», - деп ескертті. Еске салайық, жуырда Президент Трамп Владимир Путинге Украинадағы қарулы қақтығысты тоқтатуға 10 күн уақыт берді. Яғни 8 тамызды келісімге келудің соңғы мерзімі ретінде белгілеген болатын.