Камчаткада бір тәулікте 146 жер дүмпуі тіркелді

Камчаткада сейсмикалық белсенділік төмендемей тұр. Кейінгі бір тәулікте магнитудасы 3 пен 6 аралығындағы 146 афтершок тіркелді.

Аймақтағы 5 жанартаудың төртеуі атқылап жатыр. Бүгін Ключев шоқысынан көкке көтерілген күл мен түтін 9 шақырым биіктікке дейін жеткен. Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі жергілікті тұрғындар мен туристерге абай болуға кеңес берді. Өткен сәрсенбі күні Камчаткада 1952 жылдан бері алғаш рет 8,8 баллдық жер сілкінісі болды. Зілзаладан кейін Ресей, Жапония және Солтүстік және Оңтүстік Америка жағалауларында цунами қаупі жарияланды. Солтүстік Куриль аралдарында төтенше жағдай енгізілді.