Камчатка түбегі зілзаладан соң екі метрге ойысты – ғалымдар
Ресейдің Камчатка түбегі жойқын зілзаладан кейін 2 метрге ойысты. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының геофизика қызметі мәлімдеді.
Ғалымдардың дерегіне сүйенсек, жердің айтарлықтай сейсмикалық ойысуы 30 шілдеде байқалған. Алайда нақты тұжырым жасауға геодинамикалық бақылаулар қажет еді. Бір апта бұрын Камчатка түбегі жағалауында магнитудасы 8,8 балл жер сілкінісі тіркелді. Қуатты дүмпу салдарынан биіктігі 4 метрге жететін цунами пайда болды. Түбекте ұзақ уақыт ұйқыда жатқан жанартаулар оянып, Ключевская Сопка және Крашенинников жанартаулары атқылады. Ғалымдар шілде соңындағы жерасты дүмпуін кейінгі 70 жылдағы ең қуатты жер сілкінісі деп бағалады.