Иран АҚШ-тың Оңтүстік Кавказға кіруіне қарсы болып отыр
АҚШ бас болып Оңтүстік Кавказда көлік дәлізі салынады.
Бірақ бұған Иран қарсы. Мұны Ислам Республикасы рухани көшбасшысының аға кеңесшісі Әли Акбар Велаяти мәлімдеді. Айтуынша, жоба Құрама Штаттардың өңірдегі ықпалын күшейтеді. Иранға қауіп төндіреді. Бұл жерде бірер күн бұрын Армения мен Әзербайжан Вашингтонның араағайындығымен бейбіт келісімге келгенін айту маңызды. Және осы тұста, дау-шарлы Зангезур дәлізінің құрылысын аяқтауға келісті. Бұл жол Армения арқылы өтіп, Әзербайжанды Нахичевань өңірімен жалғайды. Енді бұл маңызды дәлізді 99 жыл бойына американдық компания басқаруы тиіс. Ал Иран Әзербайжанға Нахичеваньға жол салу үшін өз аумағын ұсынып отыр.