Трамп федералды резерв жүйесі басшысын сотқа бермек
АҚШ Президенті Дональд Трамп Федералды Резерв жүйесі басшысын сотқа бермек.
Ол Джером Пауэллдың жұмысына қатысты бірқатар сын айтты. Ақ үй басшысы Федералды резерв жүйесі ғимаратын жаңартуға бөлінген 3 млрд доллардың қайда кеткенін тексеру қажет деп санайды. Соңғы уақытта Дональд Трамп пен Джером Пауэлл арасы суып кетті. Америка Президенті Федералды Резерв жүйесі базалық мөлшерлемені азайтса, - дейді. Себебі мемлекеттік қарыз көбейіп, жаңа үкіметтің экономиаклық саясатын шектеп отыр. Алайда Джером Пауэлл оны түсірмей 4,25 бен 4,5 пайыз аралығында ұстап отыр.