Испанияда орман өрті өршіп, 10 мың адам үйін тастап кетті

Испанияда өрт өршіген үстіне өршіп барады, деп хабарлайды 24kz.

Кеше 5 мыңдай адам үйінен қашып шықты деп хабарлаған едік. Бүгін баспанасына 10 мыңдай жан жете алмай отыр. 3 адам опат болды. Оның екеуі өрт сөндіруге көмекке келген ерікті. Қазір елдің әр өңірінде 20 шақты аумақ өртеніп жатыр. Ыстық, одан бөлек, жел де үдеп тұр. 60 мың гектарға жуық орманның орны ғана қалды. Әсіресе, Кастилия-Леон аймағында жағдай қиын. Мадрид пен Галисия арасында пойыз да жүре алмай қалды, 14 автокөлік жолы жабылды.