Кашмирде су тасқынынан 56 адам көз жұмды

Үндістанның Кашмир аймағында алапат тасқын салдарынан 56 адам опат болды.

Тағы 200-ден астам адам іс-түссіз жоғалып кеткен. Бұл Гималайда кейінгі он күн ішінде болған екінші апат. Су тасқыны ауылдағы қоғамдық асхананы және қауіпсіздік постын шайып кеткен. Сондай-ақ бұл аймақ әйгілі Махаил Мата ғибадатханасына баратын қажылар үшін аялдайтын орын болатн. Үндістан метеорологиялық департаментінің мәліметінше, бір сағат ішінде 100 мм-ден астам жаңбыр жауған. Аймақта құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.