Газа секторының тұрғындары тамақ үшін кезекке тұруға мәжбүр
Газа секторының тұрғындары бір үзім нанға зар. Ыдысын құшақтаған жүздеген адам бірінің артынан бірі тізіліп, қаладағы жалғыз қайырымдылық асханасының алдына жиналған.
Аймақтағы гуманитарлық жағдай азық-түлік тапшылығы аясында нашарлап барады. Соңғы тәулікте аштықтан төрт адам көз жұмып, жалпы қаза тапқандар саны 240-қа жуықтады. Оның 100-ден астамы кәмелетке толмағандар. 2023 жылдың 7 қазанынан бергі қақтығыс кезінде 61 мыңнан астам палестиналық қаза тапқан. Оның 18 мыңы бала.