Пәкістандағы жойқын тасқыннан 164 адам мерт болды
Пәкістанның солтүстігіндегі нөсер жаңбырдан туындаған тасқын салдарынан 164 адам қаза тапты.
14 тұрғын із-түссіз жоғалғандар қатарында. Ең көп зардап шеккен Хайбер-Пахтунхва провинциясы. Құтқарушылар таулы аймақтардан мыңнан аса туристі де қауіпсіз жерге жеткізген. Билік су тасқынына қарсы күресті күшейтіп, қауіп аймағындағы тұрғындарды көшіру жұмыстарын қолға алмақ.