Орталық Азия елдері климаттық өзгерістерге дайын емес

Орталық Азия елдері климаттық өзгерістерге дайын емес.

Дүниежүзілік банк келтірген зерттеулерге сәйкес, 2050 жылы аймақтағы ыстық күндер қазіргіден 2 есе көбейіп, орташа температура 50 градусқа дейін көтерілмек. Бұл өз кезегінде жалпы ішкі өнімге кері әсер етіп, ауыл шаруашылық саласына залалын тигізбек. Ташкентте өткен Орталық Азия елдерінің VII сарапшылар форумында аймаққа қатысты көптеген мәселе көтеріліп, ұсыныстар айтылды. 

Ташкенттегі сарапшылар форумы осымен жетінші мәрте өтіп отыр. Биылғы басқосу Орталық Азия мемлекет басшыларының сегізінші консультативтік кездесуінің алдында ұйымдастырылды. Форумда көтерілген мәселелер мен ұсыныстар жоғары билікке жетіп, тиісті шаралар қабылдатуды көздейді.

Равшан Назаров, саясаттанушы:

- Қазіргі таңда Орталық Азия елдеріне ортақ мәселелер көп. Атап айтсақ, аймақтық қауіпсіздікті күшейту, экономика, энергетика  салаларындағы байланыстарды арттыру. Экологиялық жағдайды жақсартып, климаттың өгеруіне төтеп беретіндей қадамдар жасау өзекті. Су мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Айта кету керек, сарапшылардың өткізген диалогтарының нәтижесінде көрші мемлекеттер арасында ортақ түсінік қалыптасты. Орталық Азия елдері мәселені бірігіп шешудің жолдарын табуға тырысатын болды.

Аймақта су мәселесі өзекті. Сарапшылар тіршілік нәрін ортақ пайдаланудың өзара келісімі болғанымен іске келгенде ақсап жатқанын айтты. Су үнемдеуді қолға алып, салаға жаңа технология енгізудің өзектілігі сөз болды.

Қайсар Нығметов, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономикалық зерттеулер институты төрағасының орынбасары:

- Орталық Азия Алдері экономиканы моделдеу бойынша өзара ақпарат алмасып отыруы маңызды деп ойлаймын. Себебі біздің аймақта климаттың өгеруі қатты сезіліп жатыр. Бұл өз кезегінде азық түлік қауіпсіздігіне әсер етеді. Ауылшаруашылық саласынада өнім алу  көрсеткіші төмендеп, су тапшылығымен бетпе бет келу қаупі басым. Демек осындай сценарийге дайын болу үшін қазірден бастап, нақты қадамдар жасалуы тиіс.

Орталық Азия сарапшылар форумына ТМД мен Еуропалық одақ елдерінің өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың ресми тұлғалары қатысты.

«Экология мәселесінде қаржыландыруды қажет ететін жобалар аз емес. Аралды айтпағанда, трансшекаралық өзендер соңғы жылдары тартылып,суы азайып барады. Оның себебі таудағы мұздықтардың жылдам еруі», - дейді сарапшылар.