Газа секторында гуманитарлық көмек көлемі азайды
Израиль Газада әскери операциясын күшейтіп, аймаққа гуманитарлық көмек азайды, деп хабарлайды 24kz.
Израиль әскерінің өкілдері: «Бұл өңір тұрғындарын оңтүстікке қарай көшіру үшін жасалып жатқан уақытша шара», - дейді. Бірқатар мемлекет екі аптадан бері жүктерді әуе арқылы жөнелтіп жатыр. Бірақ олардың 86%-і тұрғындарға жетпей жолда талан-таражға түскен. 8 тамызда Израиль парламенті премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың Газаны толықтай басып алу туралы шешімін бекіткен еді. Еврей билігінің мәімдеуінше, бұл тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, анклавты жаңа үкіметтің бақылауына беру үшін жасалып отыр.