НАТО саммиті Анкарада өтеді

НАТО-ның алдағы саммиті Анкарада өтеді.

Бұл туралы ұйымның Бас хатшысы Марк Рютте хабарлады. Хабарды Түркия президенті де растады. Анадолы елі халықаралық іс-шараны өткізуге дайын деді, Реджеп Тайып Ердоған. Айта кетейік, келер жылғы НАТО саммиті Түркияда 25 жылдан соң болғалы отыр. Альянс басшылары бұған дейін, яғни 2004 жылы Ыстамбұлда кездескен болатын.